94924091_R1294924091_R1294924091_R1294924091_R1294924091_R12

Қазақстан тарихында Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын кезеңге XV ғасырдың ортасы мен  XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығы жатады. XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен Қазақ хандығы құрылады. Ол мемлекет қазақ жерінде сақ дәуірінен бері жалғасып келе жатқан мемлекеттіліктің жалғасы және қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті болып саналады.  XIX ғасырдың бірінші ширегінде Ресей билігі алдыменен Орта жүзде(1822), содан кейін Кіші жүзде(1824) хандық билікті жояды.

Үш жарым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірі өз ішінде екі үлкен тарихи кезеңге  бөлінеді. Біріншісі — бір орталықтан басқарылған кезең,   екіншісі —  бытыраңқылық кезең деп аталады. Бірінші кезеңге хандық құрылғаннан 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғанға дейінгі аралық жатса, ал екінші кезең 1715- 1824 жылдар аралығын қамтиды.

Бірінші кезең тағы да өз ішінде шартты түрде бірнеше кішігірім кезеңдерге бөлінеді. Олар – хандықтың құрылуы, күшеюі, әлсіреуі, қайта өрлеуі, өзара талас немесе «текетірес», жоңғарлармен алғашқы күрес, «алтын ғасыр» кезеңдері. Осы кезеңде Қазақ хандығында мынадай хандар билік жүргізді: Керей хан, Жәнібек хан, Бұрындық хан, Қасым хан, Мамаш хан, Тахир хан, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым хандар бір мезгілде, Хақназар хан, Шығай хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тұрсын хан, қайта Есім хан,  Жәнібек хан, Жәңгір хан, Тәуке хан.

Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін екінші кезең – бытыраңқылық кезең басталып Қазақ елінде -Ұлы жүзде, Орта жүзде және Кіші жүзде жеке хандар пайда болады.

Кіші жүз хандары: Әбілқайыр хан-1710-1748 жж., Нұрәлі хан-1748-1786 жж., Ералы хан-1791-1794 жж., Есім хан-1794-1797 жж., Айшуақ хан-1797-1806 жж., Жантөре хан-1806-1809 жж., Шерғазы-1812-1824 жж.

Ресей мойындамаған Кіші жүз хандары:Батыр хан-1748-1786 жж.,Қайып хан-1786-1790 жж., Есім хан-1790- ? жж., Қаратай хан-1806-1816 жж., Арынғазы -1816-1821 жж.

Бөкей Ордасының хандары: Бөкей хан-1812-1823 жж.,  Жәңгір хан-1823-1845 жж.

Орта жүз хандары: Қайып хан-1715-1718 жж., Болат хан-1718-1823 жж., Сәмеке хан-1719-1737 жж., Әбілмәмбет хан-1738-1771 жж., Абылай хан-1771-1781 жж., Уәли хан-1781-1819 жж., Бөкей хан1812-1817 жж.(Орта жүздңң бөр бөлігінде.) Ғұбайдулла хан-1820-1824 жж.

Ұлы жүз ханы: Жолбарыс хан 1720-1740 жж.

 94924091_R1294924091_R1294924091_R1294924091_R1294924091_R12
Реклама