54ba3d17ec44b

Мерейтойдың шығыны шамамен 23 млрд теңге ($124,19 млн) болады деп күтілуде. Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстанның бүкіл аймақтарында тойланады. Ал маңызды іс-шаралар қыркүйек айында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өтеді. Себебі осы аумақта хандықтың негізі қаланған деп есептелінеді. Тараздағы іс-шараларды өткізуге 13,47 млрд теңге жұмсалады. Бірақ, кейбір тарихшылар Жәнібек пен Керей хандардың мемлекетінің орталығы Алматыға жақын аумақта болған деп, мерейтой жоспарын сынға алды. Қазақ хандығының мерейтойын тойлау шеңберінде 1 млрд теңгеге 10 бөлімді«Қазақ елі» атты сериал мен осы атаулы 375 млн теңгеге анимационды сериал түсіріледі. Қазақ хандығы туралы деректі фильм түсіруге 250 млн теңге бөлінеді. Ілияс Есенберлинның «Көшпенділер» трилогиясын баспадан шығаруға 106,6 млн теңге бөлінеді. Таразда шығыны 506,8 млн теңге болатын театрланған қойылым болады. «Мәңгілік ел» тақырыбына ақындар айтысы өтеді. 550 жылдық құрметіне монумент тұрғызылады (501,8 млн теңге). «Тараз — ғасырлар куәсі» атты көрме өтеді. Қазақша күрес пен басқа да ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир өтеді. Басқа да шығындар: «Ұлы көш» фильмі (150 млн теңге) түсірілуіне, «Тамгалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи қорық-музей құрылысына (100 млн теңге), «Керей-Жәнібек», «Қазақ елі» спекталі қойылуына және «Қазақ хандығы» балетіне (68 млн тенге), Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына (20,4 млн теңге) жұмсалады.

Реклама